2023 жылдың 3 – 7 сәуір аралығында "Балалар кітап апталығы" аясында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен кітап көрмесі ұйымдастырылды.<br />Мақсаты: оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын, ой — өрісінің дамуын, рухани байлығын, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасының " Еңбек- елдің мұраты" арнайы жобасын іске асыру мақсатында 2023 жылдың 6 сәуір күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ кәсіптік бағдар беруші Сердалина Т.Б 11 сынып оқушаларының арасындағы ветеринария мамандығын таңдаған оқушыларды аудандық ветеринариялық станцияға кәсіптік бағдарлау мақсатында апарды. Оқушыларды станциясының директоры Жазитов Қ.З қарсы алып, мекеменің ішіне шолу жасады. Мекеме қызметкерлерінің жұмысы, атқаратын қызметі, міндеттері туралы айтылды. Оқушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойды. Осы жерде аудан бойынша үй жануарларына медициналық қызмет көрсетіледі.