25 сәуірде мектеп оқушыларымен Ғ.Мүсірепов атындағы ауданының ПБ ЖПҚБ УПИ Бірлік ауылдық округінің учаскелік полиция капитаны С. С. Афанасенкомен және А. О. Казезовпен құқық бұзушылықтың алдын алу және алаяқтықтың алдын алу бойынша әңгіме өткізілді.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Дәстүр мен ғұрып" арнайы жобасын іске асыру мақсатында Бірлік күніне арналған іс- шаралар жоспарына сәйкес 2023 жылдың 26 сәуір күні 5-10 сынып оқушыларының қатысуымен ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өтті.
Қазақстан көпұлтты мемлекет. Елімізде мекендеген барлық ұлттар мен ұлыстар бір үйдің баласындай тату өмір сүріп, достықтың үздік үлгісін көрсетіп келеді. Бүгін де сол ұлттық достықтың дастарханы көпшілікке жайылып, мызғымас бірлігіміз одан әрі нығая түсті.
Достық дастарханына украин, татар, өзбек, түрік, неміс және қазақ халқының ерекше дәмді астары түр-түрімен қойылды. Оқушылар ұлттық нақышта киініп, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін насихаттады.
Шарамыздың басты мақсаты – оқушыларды әртүрлі халықтардың асымен, мәдениетімен, әдеп-ғұрыптарымен таныстыру және ұлттық бірегейлікті нығайту.
2023 жылдың 24 сәуір күні саптүзеуде салтанатты түрде
- Рузаев ауылында Калинов орта мектебінің базасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті мерекелеуге арналған «Алау» аудандық мамандандырылған әскери-спорттық ойының женімпаздары марапатталды, олар 9 сынып оқушысы Жылқайдар Шынғыс және 8 ә сынып оқушысы Елемесов Нұрболат .
- Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен аудандық "Мағжан жырлары" атты өлең сайысының жеңімпаздары 6 а сынып оқушысы Айтпай Тлеген, 8 а сынып оқушысы Шарбекова Нұрайым, 7 а сынып оқушысы Абдуходжаева Хилала, 4 ә сынып оқушылары Мухтарова Ақбала және Хатран Інжумаржан мадақтамалар мен сыйлықтармен марапатталды.
- Көкшетау қаласында өткен каратэ жарысынан 2 жүлделі орын алған 5 ә сынып оқушылары Ғалий Темирлан және Сабыржан Дария мадақтамамен және медальдармен марапатталды.
Барлық жүлдегерлерге болашақта үлкен белестерді бағындыруға тілектеспіз!
Бүгін, яғни 2023 жылдың 24 сәуір күні мәдениет үйінде өткен "Туған жердің қадір- қасиеті" атты аудандық көркемөнерпаздар байқауына белсенді қатысқан келесі әріптестерімізге мектеп әкімшілігі атынан үлкен АЛҒЫСЫМЫЗДЫ білдіреміз:
1.Алгожина А.К
2. Жахина А.М
3. Альмухамбетова Ж.К
4. Аткужина Ж.Н
5.Амангельдиева А.М отбасымен бірге
6.Алимбаева А.М
7. Мукашев М.Е.
Сонымен қатар мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің төрайымы Искакова Толқын Бегалиқызына және 2 а сынып оқушысы Ғалымжан Дарияға.
4 мамыр күні сағат 11.00-де мамыр мерекелері қарсаңында қазақстандықтардың қатысуымен "Еркін ел ұрпағы" жалпыұлттық патриоттық диктант өтеді. Диктант жазушылардың жас ерекшеліктеріне шек қойылмайды.

1-10 сыныптарда Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған сынып сағаттары өтті.

Мақсаты: отансүйгіштікке, құрмет пен төзімділікке тәрбиелеу.