«Алтын сақа» математикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне ауданның 25 мектептерінен 3-4 сыныптардың 94 оқушылары қатысты, 3 сынып оқушысы Парафейник Алихан 1 орын алды, Нефёдов Дмитрий – 3 орын. Құттықтаймыз!

2023 жылдың 19 мамырында «Менің мектебім буллинге қарсы!» жалпы республикалық флешмоб өтті. 8-11 сынып оқушылары арасында.

Флешмоб оқушылардың, ата-аналар мен мұғалімдердің назарын кәмелетке толмағандар арасындағы қорқыту мәселесіне аударуға бағытталған. Қатысуға ұйымның оқушылары мен сынып жетекшілері шақырылды.

Мақсат – қоғамның назарын балалардың қауіпсіздік мәселелеріне саналы қатынасына аудару.

2023 жылғы 18 мамыр күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Музей түні» акциясы аясында Халықаралық музейлер күніне арналған «Ботай пырағы – 2023» фестивалін ұйымдастырды.

17 мамырда «№1 Новоишим орта мектебі» КММ базасында Солтүстік Қазақстан облысының педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған «Сабақты зерттеу: қазақстандық мектептердің тәжірибесі» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференция «Сабақты зерттеу» оқушыны қалай өзгертеді», «Сабақты зерттеу: идеядан практикаға», «Зерттеу қауымдастықтары: қиын, бірақ нәтижелі» бағыттарында ұйымдастырылған. Айыртау ауданы мен Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның 140-тан астам педагогы қатысты. Басында постерлік презентация, содан кейін панельдік пікірталас өткізілді. Модераторлар ПШО жаттықтырушысы, педагог-зерттеуші С.В.Шевченко, педагог-шебер Н.Н.Конюша, педагог-зерттеуші А.Б.Кенжебекова болды.

Пленарлық бөлімде ПШО өкілдері С.В.Шевченко, білім бөлімінің АӘК меңгерушісі А.Ж.Косумбаева, №1 Новоишим орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Н.Кабдуллина сөз сөйледі. Конференция қарқынды және нәтижелі өтті.

12 мамырда Бірлік орта мектебінің шағын футбол алаңында Отан Қорғаушылар күніне арналған шағын футболдан жарыс өтті. Жарысқа 8 команда қатысты. Ойын қорытындысы бойынша біздің команда 1 орынға ие болды. Балалар мен жаттықтырушыны құттықтаймыз. Директор М. П. Скорняковтың атынан "ES GLOBAL AGRO" ЖШС ұйымдастырғаны және демеушілік көрсеткені үшін зор алғысымызды білдіреміз.