Меню KDT

Новости

Главная Новости

17.03.2023

Наурыз мейрамы қарсаңында" Бірлік орта мектебі " КММ ұжымы "Ұлттық киім"челленджін қолдайды

Наурыз мейрамы қарсаңында" Бірлік орта мектебі " КММ ұжымы "Ұлттық киім"челленджін қолдайды

17.03.2023

"Ұлттық киім" челленджі

Мектеп қызметкерлері "Ұлттық киім" челленджіне қатысты, қазақ дәстүрлеріне құрметін білдіріп, өзінің Қазақстан Республикасына жататынын көрсетті.

16.03.2023

Наурыз мерекесі

Көктем мерекесі қарсаңында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханасында Наурыз мейрамына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Наурыз мейрамын тойлау тарихы, қазақ халқының салт-дәстүрлері, қазақтың ұлттық киіз үйі, ұлттық тағамдар туралы кітаптар қойылды.
Наурыз-қазақтар үшін де, Азияның көптеген халықтары үшін де бес мың жылдан астам уақыттан бері атап өтіліп келе жатқан басты мереке.
Наурыз-көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың басталуы, жаңа өмір.

16.03.2023

Новоишим қазақ орта мектебінде 1-2 сынып оқушыларға арналған "Әз Наурыз" атты мерекесі өтті.

2023 жылдың 16 наурыз күні Новоишим қазақ орта мектебінде 1-2 сынып оқушыларға арналған "Әз Наурыз" атты мерекесі өтті. Іс- шара барысында ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрден сыр шертетін әңгіме айтылды. Сонымен қатар Ұлыстың ұлы мерекесінде екі кішкентай егіз ұл балалардың тұсауы кесіліп, қазақы ойындарымыз да назардан тыс қалмады. Оқушылар және ата- аналар арқан тартудан, би, өлеңдерден бақ сынасты. Жалпы оқушылар мен ата-аналар мерекелік іс- шараға аса ыждаһаттылықпен дайындалғаны көрініп-ақ тұрды.
Қыстан аман-есен шығып, мал тұяғы көкке, аузымыз аққа ілініп, ұлтымыздың Жаңа жылы мектебімізде осылай тойланды. Барлығының көңіл-күйлері керемет болды! Әріптестерімізді, ата-аналарымызды, шәкірттерімізді ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз.
Жаңа жылымыз жаңа табыстарға жетелесін!

16.03.2023

"Новоишим қазақ орта мектеп» КММ жанындағы «Қызылжар» шағын орталығында өтті

Наурыз - көнеден келе жатқан мереке. Наурыз мерекесінен балалар да шет қалмады. Ұлттық мерекені шағын орталықта атап өтудегі басты мақсат - салт-дәстүр, Наурыз құндылықтарын дәріптеу. Бұл - бала тәрбиесіндегі басты қағида.
Осындай игі іс- шара «Новоишим қазақ орта мектеп» КММ жанындағы «Қызылжар» шағын орталығында өтті. Бұл дәстүрлі шараға «Балапан», «Балдырған», «Жұлдыз» тобының тәрбиеленушілер мен тәрбиешілер қатысты. Кішкентай бүлдіршіндер өю-өрнектеп тігілген, көздің жауын алатын киімдерді киіп, би билеп, ән салып, ұлттық ойындар, қол күрестен өнерлерін көрсетіп, таң қалдырды. Іс-шара көңілді ән мен мың бұралған бишілердің биімен жалғасты. Наурыз мерекесіне арналған ұлттық нақыштағы бейнеленген киіз үйдің ішіне қазақтың кебежесін, шымылдығын, ат әбзелдерін, ыдыс-аяқтарын қойып безендіріп, дастархан жайылып, арнайы дайындалған. Өнерлі тәрбиешілеріміз «Тұсау кесу» рәсімін көрсетіп, мерекенің шырайын келтірді. Шара соңында балалар арнайы дайындалған дастарханнан ұлттық тағамдар мен наурыз көжеден дәм татты.

16.03.2023

Мектепалды даярлық тобында Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, әз Наурыз!» атты сынып сағаттары өтті.

Мектепалды даярлық тобында Наурыз мерекесіне  арналған   «Қош келдің, әз Наурыз!» атты сынып сағаттары өтті.  Іс-шара барысында тәрбиеленушілер Наурыз туралы өлеңдер оқып, ән шырқап, ұлттық ойындар ойнап,  Наурыз мерекесі туралы кеңінен мағлұмат алды. Мерекелік  дастархан  жайылып,  балалар ұлттық тағамдар туралы көптеген  мағлұматтар алды. Сонымен қатар даярлық  тобының тәрбиеленушісі  Измағанбетов Ернар  ақ батасын жолдады.

16.03.2023

"Назар аударыңыз ,су тасқыны"

"Бірлік" еріктілер отрядының мүшелері БӘТД ұйымдастырушысының басшылығымен ауыл тұрғындары мен мектеп оқушыларына "Назар аударыңыз ,су тасқыны" тақырыбында жадынамалар таратылды.

16.03.2023

"Бірлік орта мектебі " КММ-де "Наурыз мейрамы"күніне орай "Төрлет наурыз- жыл басы" стенді рәсімделді

"Бірлік орта мектебі " КММ-де "Наурыз мейрамы"күніне орай "Төрлет наурыз- жыл басы" стенді рәсімделді