5 маусымнан балаларды жазғы демалыспен қамту үшін мектеп жанындағы алаң жұмысын бастады. Күн сайын педагогтар таза ауада қызықты ойындар өткізеді, шығармашылық қызметін ұйымдастырады, қатынас дағдыларын, топта өзара әрекеттесу біліктілігін дамытады.
«Бірлік орта мектебі» КММ-де мектеп жанындағы лагерь өз жұмысын сергектік пен жақсы көңіл-күйді көтеру үшін таңертеңгілік жаттығулардан бастады. Балалар күні бойына оң энергиямен зарядталды. Жазғы лагерьдің жоспары бойынша балалар тәрбиешімен бірге ойын алаңдарына барып, ойнады
"Тоқсан би орта мектебі" КММ-нде жаз демалыс шеңберінде туристік дағдыларды алу, қоршаған ортаны тереңірек зерделеу қызығушылықты қалыптастыру үшін бір күндік "Жас сарбаз" жорығы өтті.
<div class="x1e56ztr"><span class="x193iq5w xeuugli x13faqbe x1vvkbs x1xmvt09 x1f6kntn xvq8zen xo1l8bm xzsf02u">2023 жылдың 6 мен 8 маусым аралығында Айртау аудандық «Чайка» балалар сауықтыру лагерінде «Тарихқа тағзым – болашаққа бағдар» атты жас өлкетанушылардың Бірінші облыстық слетіне мектеп «Жас турист» командасы қатысты.</span></div><div class="x1e56ztr"><span class="x193iq5w xeuugli x13faqbe x1vvkbs x1xmvt09 x1f6kntn xvq8zen xo1l8bm xzsf02u">Шараның басты мақсаты – ортақ тарихқа, өз жеріне, кіші Отанына деген сүйіспеншілікке негізделген ортақ қазақстандық бірегейлік пен бірлікті қалыптастыру болды.</span></div>
2023 жылдың 10 маусымында мектеп оқушылары Новоишим елді мекендегі "Туған өлке" этноауылында болды, ол балаларды қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысына, оның әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне бейімделуге ұйымдастырылған.
9 маусым күні «Бірлік орта мектебі» КММ оқушылары мен педагогтар «Туған өлке» этнолингвистикалық лагеріне белсене қатысты. Іс-шараның мақсаты: отансүйгіштікке, қазақ халқының салт-дәстүріне, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.