Меню KDT

Новости

Главная Новости

03.08.2023

«Мектепке жол акциясы»

2023 жылдың 1 тамызында «Мектепке жол акциясы» басталғанын хабарлаймыз. Акция «Жақсылық жаса» ұранымен өтеді. Акцияның мақсаты- аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы төмен отбасылардағы балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсеткісі келетіндер «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-не жүгіне алады.
Баршаңызды осы игі іске қатысуға шақырамыз!!!

31.07.2023

"Мектепке жол" республикалық акциясы

"Мектепке жол" республикалық акциясы мектеп оқушыларының толық қатысуын қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.

Акцияның ұраны: Жақсылық жаса.

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке даярлауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке баратын жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға зейіні мен шынайы қамқорлығын көрсете алады.

Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Акцияның басталуы 2023 жылғы 1 тамыздан бастап, аяқталуы – 2023 жылғы 30 қыркүйекте.

18.07.2023

Мектеп жанындағы лагерь

Мектеп жанындағы лагерьдің жұмыс жоспарына сәйкес «Денсаулық үшін бәрі тамаша!» тақырыбында презентация ұйымдастырылды.Талқылаудан кейін балалар иллюстрациялармен жұмыс істеді, сонымен қатар оқушылар салауатты өмір салтын қалыптастыру ережелерін жасады. Одан кейін таза ауада ойындар өткізілді.

17.07.2023

Габдуллин Мырзагали Молдашовичті мұрағат тізімі

Еңбек ардагері
Ғабдуллин Мырзағали Молдашұлының 37 жылдық педагогикалық өтілі бар. Көкалажар орта мектебінің Педагог - ұйымдастырушысы. Санаты-педагог-зерттеуші. Балаларды әскери істе патриотизмге үйрету. Мырзағали Молдашұлы жас ұрпақтың санасына патриотизм рухын ұялата алды. Ол және оның шәкірттері үлкен құрметке ие болды. Қазақстан Республикасының "Еңбек ардагері" атағына ұсынылды.

14.07.2023

Мектеп жанындағы лагерь

Бірлік орта мектебінде 10-14 шілде күні аралығында мектеп жанындағы лагерьде "Ізгілік шуағы" апталығы өтті. Оқушылар шығармашылық шеберханасында "Мейірімділік ағашы"атты көлемді аппликация жасады және "Мейірімділік сабағы" таныстырылымы өтті және "Қайырымдылық жолы" тақырыбы бойынша суреттер салып, саяхат жасады. Осы тақырыптар бойынша мультфильмдер көріп , викториналық сұрақтар болды.

06.07.2023

Астана күні

6 шілде күні Қазақстанда мемлекеттік мереке - Астана күні атап өткізіледі. Биыл еліміздің бас қаласы 25-жылдық мерейтойын тойлайды. Мектеп жанындағы лагерьде мерекеге орай Астанаға бейнеэкскурсия жасап, “Мерейтойыңмен, Астана!” флешмобын өткізді.

03.07.2023

Мектеп жанындағы лагерь

3 шілде күні мектеп жанындағы лагерьде "Елорда тарихы – ел тарихы" тақырыбында апталық басталды. Оқушылар елорда "Астана – армандар қаласы" арқылы виртуалды саяхат жасай алды. "Отанымыздың астанасы" сурет байқауына қатысты. Таза ауада ойындарды ойнады.

01.07.2023

Ұлттық домбыра күні

Шілденің бірінші күні Қазақстанда Домбыра күні аталып өтеді, бұл музыкалық аспап қазақ мәдениетінде маңызды орын алады. Ол ұлттық музыкалық аспап болып табылады.

30.06.2023

Жазғы алаңдағы алғашқы кезең

Демалыс - тамаша уақыт! Балалардың демалысын қызықты және әсерлі етуді мектеп жанындағы жазғы алаң көздейді. Балалар сайыстар мен ойындарға қатысып, асфальтта суреттер салады, спорт жарыстарына қатысады. Олар сергектік пен денсаулықтың қуатын алады.