Бірлік орта мектебінде 10-14 шілде күні аралығында мектеп жанындағы лагерьде "Ізгілік шуағы" апталығы өтті. Оқушылар шығармашылық шеберханасында "Мейірімділік ағашы"атты көлемді аппликация жасады және "Мейірімділік сабағы" таныстырылымы өтті және "Қайырымдылық жолы" тақырыбы бойынша суреттер салып, саяхат жасады. Осы тақырыптар бойынша мультфильмдер көріп , викториналық сұрақтар болды.
6 шілде күні Қазақстанда мемлекеттік мереке - Астана күні атап өткізіледі. Биыл еліміздің бас қаласы 25-жылдық мерейтойын тойлайды. Мектеп жанындағы лагерьде мерекеге орай Астанаға бейнеэкскурсия жасап, “Мерейтойыңмен, Астана!” флешмобын өткізді.
3 шілде күні мектеп жанындағы лагерьде "Елорда тарихы – ел тарихы" тақырыбында апталық басталды. Оқушылар елорда "Астана – армандар қаласы" арқылы виртуалды саяхат жасай алды. "Отанымыздың астанасы" сурет байқауына қатысты. Таза ауада ойындарды ойнады.
Шілденің бірінші күні Қазақстанда Домбыра күні аталып өтеді, бұл музыкалық аспап қазақ мәдениетінде маңызды орын алады. Ол ұлттық музыкалық аспап болып табылады.
Демалыс - тамаша уақыт! Балалардың демалысын қызықты және әсерлі етуді мектеп жанындағы жазғы алаң көздейді. Балалар сайыстар мен ойындарға қатысып, асфальтта суреттер салады, спорт жарыстарына қатысады. Олар сергектік пен денсаулықтың қуатын алады.
Біз сурет саламыз, қолөнер жасаймыз, көңіл көтереміз және көкжиегімізді кеңейтеміз.
Футболдан облыс чемпионатында біздің мектептің командасы 2 орын алды. Жаттықтырушы мен балаларды жеңісімен құттықтаймыз!
19-21 маусым аралығында 8-сынып оқушысы С.Мұқанов Айқанат олимпиадасының 3-турына қатысты.