#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттық_мектеп_лигасы Новоишим қазақ орта мектебінде 2023 жылдың 06 желтоқсан күні ата- аналарды педагогикалық қолдау орталығының кезекті сабағында аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бөлімінің қызметкері Ж.У.Жакупова және аудандық аурухананың эпидемиологі Сыздыкова К.Б. дәріс өткізді. Кездесу барысында «Қызылшаға қарсы вакцина» туралы, дәрілік препараттарды қолдану туралы айтылып өтілді. Сонымен қатар психологиялық қызметінің тарапынан «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, жол-көлік жарақаттанудың, жол ережелері", «Буллингтің алдын алу», өз-өзіне қол жұмсау құралдарына, шатырға шығу туралы ата - аналарға ұсыныстар мен кеңестер беріліп, жадынамалар таратылды. Мақсаты: оқушыларға жол-көлік оқиғасы болған кезінде өздерін ұстай білу ережелерін меңгерту; тәртіптерін сақтау, жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілік түрлерімен таныстыру.

2023-2024 оқу жылынан бастап қазақ тілінде оқытатын мектептерде – "Қазақ тілі" пәні бойынша, қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептерде "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні бойынша емтихан өтеді.

Қазақ тілі бойынша емтихан 125-бұйрықтың 35-тармағына сәйкес білім алушылардың бағдарламалар мазмұнын меңгеруін бағалау мақсатында негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) деңгейінде академиялық жыл аяқталған кезде оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарға «Қазақ тілі» және оқыту өзге тілде жүргізілетін сыныптарға «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша МЖМБС-қа (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) сәйкес жазбаша нысанда өткізіледі.

Аралық аттестаттау мақсаты - білім алушылардың «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – МЖМББС) талаптарына сәйкес бағалау.

Аралық аттестаттаудың міндеті: білім алушылардың білім берудің келесі деңгей материалдарын игеру дайындығы мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасу деңгейлерін бағалау.

Емтихан уақытын мектептердің өзі белгілейді. Ол жазбаша және ауызша өтіп, оқушының қазақ тілінде тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу біліктілігін тексеруге мүмкіндік береді. Емтихан тапсырмаларын әзірлеуде педагогтар сәйкес сыныптың оқу бағдарламасын негізге алады.
Аталған пәндер бойынша жылдық бағасы оқушының жыл бойғы оқу үлгерімі мен емтихан нәтижесіне (30 да 70 пайыз) қарай қойылады
Домбыра – қазақ халқының қастерлі ұлттық музыкалық аспабы. Бабаларымыздан мирас болып қалған домбыраның тарихи тамыры ғасырларға ұласады. Домбыра – баға жетпес жәдігер, қазақ халқының бойтұмары.

2024 жылдың 20 наурыз күні «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы аясында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің оқушылары «Күй күмбірі» Наурыз мерекесіне арналған «Домбырашылар» челленджіне белсене қатысты.

Мақсаты: білім алушылардың эстетикалық, патриоттық сезімдерін, рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, балалардың домбыра тарту мәдениетін насихаттау, еліміздің мәдени мұрасын сақтау
Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша Кешенді жоспарды жүзеге асыру шеңберінде әлеуметтік педагог Лукьянова Т.М. және мектеп психологы Абенова Д.М. 8-11 сынып ата-аналар қоғамдастығымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әңгімелесу барысында жасөспірімдердің кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсау құралдарына қол жеткізуін шектеуге назар
"Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні" халықаралық акциясының іс-шаралар жоспарына сәйкес "Зорлық-зомбылық мәселесі,біз зорлық-зомбылық деп ненi түсінеміз" тақырыбында психолог сағаты өткізілді
"Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні" Халықаралық акциясы аясында 5-11 сынып оқушылары "Қыздар мен әйелдерді сақтаңыздар!" акциясына қатысты.