Меню KDT

Новости

Главная Новости

25.12.2023

Мектептің Қамқоршылық кеңесі

Мектептің Қамқоршылық кеңесінің жоспарлы отырысы білім беру мекемесін басқару және дамыту контекстіндегі маңызды оқиға болып табылады. <br />2023 жылғы 25 желтоқсанда "Рузаевка орта мектебі" КММ Қамқоршылық кеңесінің отырысында мынадай мәселелер талқыланды: 2023-2024 оқу жылының бірінші жартыжылдығындағы шығыстар мен кірістер; оқушылардың үлгерімінің нәтижелері, сондай-ақ оқыту мен дамытуды қолдау жөніндегі іс-шаралар; мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастыру және басқалар. <br />Қамқоршылық кеңесі мектепті ілгерілетуде және дамытуда маңызды рөл атқарады, сондықтан оның отырыстары тиімді басқаруға және білім сапасын жақсартуға ықпал етеді.

25.12.2023

Ғ. Мүсірепов атындағы аудан әкімінің шыршасы

25 желтоқсанда біздің балалар Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Әкімінің шыршасына қатысты. Балаларға осы мерекеге қатысуға мүмкіндік бергені үшін, керемет көңіл-күй сыйлаған үшін, iс- шараның ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз.Әрбір бала ғажайыпқа сенді және жағымды эмоцияларға ие болды.

25.12.2023

Қазақстан Республикасы Президентінің атынан шырша

Жаңа жылда әрқайсымыз ғажайыптар мен сиқырларды күтеміз. Биыл қызымыз Қазақстан Республикасы Президентінің атынан шыршаға қатысты. Елизавета осындай тамаша оқиғадан жағымды эмоциялар мен әсер алды. Ұйымдастырушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз. Жаңа жылда баршаңызға бақыт, тыныштық және жақсылық тілейміз! Муравьевтар отбасы!

24.12.2023

Петропавлдағы жаңажылдық мереке

23-24 желтоқсанда 7 сынып оқушысы оқу үздігі, олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпазы және жүлдегері Қалымтай Мирас Петропавл қаласында жаңажылдық мерекеге қатысты. Кусаиновтар отбасы осы керемет және қызықты іс шара үшін алғыс білдіреді, осындай мүмкіндік сыйлағандарыңызға рақмет!!! 

21.12.2023

"Никотин.Әрекет жасаудың сырлары"

“Тоқсан би орта мектебі” КММ-нде шылым шегудің, электронды сигареттер, вейптерді қолданудың алдын алу мақсатында әлеуметтік педагог Ремпель М.Г. 9 сынып оқушылары үшін “Никотин. Әрекет жасаудың сырлары” бейнені көру және оны соңынан талқылау арқылы ұйымдастырылды.

20.12.2023

Су ненi ерітеді. Су қалай ластанады

Жаратылыстану ғылымдарының пәндік апталығын өткізу аясында Айнаш Құдайбергенқызы 4-сыныпта "Су ненi ерітеді. Су қалай ластанады".Оқушылар зерттеулер жүргізді, судың өмір үшін маңыздылығы, судың ластануының әртүрлі организмдер үшін салдары туралы әңгімеледі, судың ластануын азайту бойынша ұсыныстар жасады.

20.12.2023

«Бірлік орта мектебі» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 20 минуттық оқу жалғасуда

«Бірлік орта мектебі» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 20 минуттық оқу жалғасуда                                                                                                                                        

19.12.2023

"Новоишим №1 ОМ" ҚММ тамақтану сапасын бағалау жөніндегі комиссиясы мектеп асханасын тексеру

19.12.2023 жылы "Новоишим №1 ОМ" ҚММ тамақтану сапасын бағалау жөніндегі комиссиясы мектеп асханасын тексеруді ұйымдастырды. Тексеру барысында Комиссия нормативтік құжаттарды қарап, мәзірден дайындалған тағамның дәмін татты. Мектеп асханасында тамақтану сапасын тексеру және құжаттаманы жүргізу нәтижелері бойынша нормаларға сәйкес келеді.