«Күш қолдауда» жағымды қарым-қатынастар апталығы жоспарына сай 13 мамыр күні «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 6-сынып оқушыларына әлеуметтік педагогтар А.Алгожина мен А.Байбулатова «Эмоцияны тап» атты жаттығу өткізді.
Мамыр айының 6 күні «Отан қорғаушылар» күні мерекесіне орай мектепішілік жоспарға сай кәсіптік бағдар беруші Т.Б Сердалинаның жетекшілігімен «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ 8 сынып оқушылары аудандық 16-Өрт сөндіру бөліміне кәсіптік бағдар экскурсиясына барды. Ол жерде оқушыларды ТЖБ 16-ӨСБ қарауыл бастығы азаматтық қорғау капитаны Е.Әменкин қарсы алып түсіндірме жұмыстар жүргізді.
2026 жылдың мамыр айында «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-де әлеуметтік педагогтардың ұйымдастырылуымен 7 - 11 сынып қыздарына «Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстардың алдын алу» тақырыбында жадынамалар таратылып, кеңестер берілді.
<div>2026 жылдың 8 мамыр күні «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-де тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ахмет Тания және мектеп медбикесі А.К.Жарасбаеваның жетекшілігімен салауатты өмір салты кабинетінің маманы А.Т.Умутбаеваның қатысуымен 7–11 сынып қыздарымен кездесу өткізілді.</div><div>Кездесу барысында «Ерте жыныстық қатынастар және олардың салдары» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сондай-ақ оқушылардың жеке тазалығы мен жеке гигиенаны сақтау мәдениеті туралы ашық әңгіме өткізілді.</div>