Іс-шараның мақсаты – ата-аналарға 5-сыныпқа көшу алдындағы оқушылардың жас ерекшеліктері, оқу жүктемесіндегі өзгерістер, бейімделу кезеңінің ерекшеліктері туралы ақпарат беру және балаға қолдау көрсету жолдарын түсіндіру.
<div>«Сабақтастық – сапалы білім кепілі»</div><div>«Сапаны сақтау» жобасы аясында 5-сынып мұғалімдерінің өзара сабаққа қатысуы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – бастауыш және орта буын арасындағы сабақтастықты нығайту, оқушылардың 5-сыныпқа бейімделу ерекшеліктерін анықтау және оқыту сапасын арттыру.</div>
«Сапаны сақтау» жобасы аясында мектеп психологі Берденова М.А 5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуіне психологиялық қолдау көрсету мақсатында «Мен есейіп қалдым» атты тренинг ұйымдастырылды.
«Сапаны сақтау» жобасы аясында негізгі орта мектебінің математика пәні мұғалімі Идирисова А.Р. 4-сынып математика сабақтарына қатысып, бастауыш буындағы білім сапасын сақтау және оқу жетістіктерінің сабақтастығын бақылау жұмыстарын жүргізді.
<div>«Сапаны сақтау» жобасы аясында "4-сынып оқушыларының мазасыздық деңгейін зерттеу" диагностикасы.</div><div>Мектеп психологы Сердалина Т.Б 4-сынып оқушыларының психологиялық ахуалын анықтау мақсатында психологиялық-педагогикалық зерттеу жұмысы жүргізілді. Зерттеу барысында оқушылардың мазасыздық деңгейі, эмоционалдық жағдайы, мектептегі бейімделуі және сыныптағы қарым-қатынасы қарастырылды.</div>
19 мамыр күні Ғ. Мүсірепов аудандық ІІБ мен прокуратура қызметкерлері мектеп оқушыларына арналған танымдық экскурсия ұйымдастырды. Бұл экскурсияға «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ 3 сынып оқушылары сынып жетекші Қ.Ж Нурахметова мен кәсіптік бағдар беруші Т.Б Сердалинамен бірге қатысты.
«Күш қолдауда» жағымды қарым-қатынастар апталығы жоспарына сай 12 мамыр күні «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ 3 сынып оқушыларына мектеп психологі Сердалина Т.Б «Жанжалсыз диалог құру» сабақ-тренингін өткізді.