Меню KDT

Новости

Главная Новости

21.11.2024

«Ой мен ойын» атты танымдық сайыс

2024 жыл 21қараша  Ильясова Меруерт Ерсайынқызы  2-сыныптар арасында «Ой мен ойын» атты танымдық сайыс өткізді.
Сайыстың мақсаты оқушылардың қызығушылықтарын арттыру және шапшаңдыққа баулу.Пәнаралық байланыста білімдерін жинақтап, тереңдету.Заманға сай байланыс жүйелері арқылы екі топқа бөлінді.
1. «Ватсап» тобы
2.  «Тик ток» тобы
Екі топ өздерін мақал-мәтелдер айту арқылы таныстырды.Топтың ережесімен таныстырылды.Жұмбақтар шешілді,есептер шығарылды,пәндер бойынша сұрақтарға жауаптар алынды.Көрермендермен ойындар ойнатылды.Сайыс өте жоғары деңгейде өтті.

21.11.2024

«Екі таңбалы сандарды қосу және азайту» тақырыбына ашық сабақ

2024 жыл 21қараша  Нурахметова Кайрия Жолайқызы  2 «Ә» сынып оқушыларымен математика  сабағынан «Екі таңбалы сандарды қосу және азайту» тақырыбына қайталау арқылы ашық сабақ өткізді. Мұғалім сабақ жоспарын оқушылардың жас ерекшелігі, қызығушылығы мен білім деңгейлеріне сай құрастырған. Оқушылар сабаққа үлкен қызығушылық танытып, белсене қатысты. Мұғалімнің сабаққа дайындаған көрнекі құралдары эстетикалық талғамға сай болды.Сабақта оқушылардың білім-білік дағдылары байқалды. Сабақтың түрі бекіту сабағы болғандықтан, оқушылар есептер шығарды.Оқушылар өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарай білді.Осы сабақтан алған білімдерін білім қоржынына асықтарды орналастыру арқылы анықтады.Мұғалім оқушылардың алған білімдерін тұрақтандыру үшін лайықты тапсырмаларды оңтайлы  бере алды. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті

21.11.2024

«Биші тамшылар» атты шеберлік сынып

2024 жыл 21 қараша күні «Білім шыңының бастауы-Бастауыш» атты апталық жоспарына сай мектеп психологі Сердалина Тоты Болатқызы     1-сынып оқушыларымен «Биші тамшылар» атты шеберлік сынып өткізді. Балалар бояулар әлеміне үңіліп, бояу тамшыларын шелекке жинады. Шеберлік сынып балалар үшін қызықты болып, жағымды көңіл-күй сыйлады.

21.11.2024

Темекті шегу сәнді емес-еркін дем ал!

21 қарашада Халықаралық темекі шегуден бас тарту күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Әлеуметтік педагог Т.М.Лукьянова "Темекті шегу сәнді емес-еркін дем ал!" атты акция өткізді және балаларға ақпараттық жадынамалар мен буклеттер табыс етілді.

20.11.2024

«Ойна да ойла» атты танымдық сайыс

2024 жыл 20 қараша күні 1-сыныптар арасында  Касымова Ақбидай Майрашқызы «Ойна да ойла» атты танымдық сайыс өткізді.Сайыс барысында  әр пәннен тапсырмалар болды. Математика  және әліппеден тапсырмалар орындалды.Сынып 4 топқа бөлінді.Кім шапшаң есептеу жүргізілді.Оқушылар екі бірдей бейнеленген суреттің  айырмашылығын тапты.Келесі қызықты тапсырма тақтада 4 есік тұрды. Балалар қалауы бойынша есікті қағып, артындағы сөздерді  оқиды.Топпен жұмыс орындалды.Оларға мынадай  тапсырмалар берілді. Сыңарын табу, сурет пен санды сәйкестендіру, жеміс санын анықтау, жоғалған санды жазу.Сайыс өте қызықты өтті.