2024 жылғы 12 желтоқсанда мектепте мұғалімдер арасында интеллектуалды ойын өткізілді. Ойынның мақсаты – ұстаздардың білім деңгейін арттыру, ойлау қабілетін дамыту және ұжымдық жұмысты нығайту болды. Ойынға барлық пән мұғалімдері қатысты.

⚡Ойын бірнеше кезеңнен тұрды, әр кезеңде қатысушылар әр түрлі сұрақтарға жауап беріп, логикалық тапсырмаларды орындады. Сұрақтар жалпы білім саласынан, соның ішінде тарих, әдебиет, ғылым және өнер сияқты тақырыптардан болды. Әр дұрыс жауапқа ұпай беріліп, ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанды.

💫Ойын барысында мұғалімдер арасында достық қарым-қатынас орнап, бірігу мен ынтымақтастыққа ықпал етті. Сондай-ақ, қатысушылар өз білімдерін тексеріп, жаңа ақпараттармен танысты.
Интеллектуалды ойын қорытындысы бойынша жеңімпаз команда марапатталды, ал қалған қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді. Мұғалімдер осындай іс-шаралардың оқу процесінде де пайдалы әрі қызықты екенін атап өтіп, келешекте тағы да ұйымдастыруды ұсынды.

Өткізген: Садық А.Б, Төрегелді М.А, Киргизбай А
2024-2025 оқу жылының 12 желтоқсан күні 11 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өткізілді. Мақсаты: ҰБТ-ге дайындық. Оқушыларды психологиялық түрде қолдау.Пән мұғалімдерінің консультация кестесі. Әртүрлі сұрақтар болды. Оқу ісінің орынбасы Г. Мұхтарқызы ҰБТ-ге дайындық туралы айтып өтті. Мектептің кәсіптік бағдар беруші Т.Б Сердалина қатысты. Өз баяндамасында ата-аналарға әр оқушының таңдаған мамандығы, соған сәйкес бейіндік пәндері, сол мамандықты оқытатын ЖОО және олардың шекті баллдары, мемлекеттік гарнтқа түсу үшін жинау керек ұпай саны, ақылы оқыған уақытта жылына төленетін оқу ақысы туралы ақпарат берді. Мектеп психологы Берденова М.А оқушыларды ҰБТ алдында психологиялық және эмоцияналдық дұрыс қолдау көрсету тақырыбында кеңес берді.Сонымен қатар пән мұғалімдері ата-аналарға консультация жүргізді.
“Бүгін 8-сынып оқушылары биология әлеміне саяхат жасады! 🧬🔬🥼

Мұғаліміміз қызықты тәжірибелер арқылы теорияны практикамен байланыстырды.
Бұл сабақта:
✨ Оқушылар ерекше биологиялық процесстерді тамашалады,
💡 Білімдерін өмірде қалай қолдануға болатынын үйренді.

Биология– тек табиғатты зерттейтіп пән ғана емес, ол – ғылымға деген қызығушылықтың бастауы!”

Пән мұғалімі: Шеныбаева Д.Ж
#біртұтас_тәрбие «ЖМБ» апталығының аясында
9-сыныптар арасында “Талантыңмен таныл жас” математикатты квест ойыны өтті! 🎯✨

Мақсаты:
• Командада жұмыс істеу, жауапкершілік пен лидерлік қасиеттерін дамыту 👫💡
• Логикалық ойлау, шапшаңдық пен білімділікті арттыру 📚🤔
• Математика пәні бойынша білімді арттыру🏫🔍

Квест идеясы:
Оқушылар коммуникативті дағдыларды дамытып, топпен жұмыс істеуді және ортақ мақсатқа жету жолдарын іздеуді үйренеді. 🚀🤝

Пән мұғалімдері:
Идирисова А.Р және Алгожина Г.А

"Володар орта мектебі" КММ,

5 желтоқсанда 2024 жылдың мерейтойы Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды. Биыл оның туғанына 130 жыл толады. Көрмеде балалар жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысты. Оның көптеген өлеңдері әйелдерге арналды, өйткені оның тағдырында олар маңызды рөл атқарды. "Разия", "Маржан", "Раушан - коммунист" шығармалары терең әлеуметтік астарға толы.

Жаратылыстану - математика бағыты апталығында 5 сынып оқушылары арасында Тания Ахметовна мен Аяулым Бакытжановна ұйымдастырған “Aqyl Battle” интеллектуалды ойыны өткізілді. Бұл ойынның мақсаты – оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту, олардың логикалық ойлау, шығармашылық және командалық жұмыс дағдыларын арттыру болды.

Ойын бірнеше кезеңнен тұрды:

1. Танымдық сұрақтар – жалпы білім саласына қатысты түрлі сұрақтар қойылып, оқушылар жауап берді.
2. Логикалық тапсырмалар – әртүрлі математикалық және логикалық жұмбақтар шешілді.
3. Кроссворд және ребустар – оқушылар кроссвордтар мен ребустар шешіп, жылдамдық пен ақыл-ойды қолданды.
4. Командалық жарыс – топтық жұмыстарда командалар бірге ойланып, өзара пікір алмасты, әрқайсысы өз білімдері мен идеяларын ортаға салды.

Ойынның қорытындысы бойынша ең жоғары ұпайды жинаған команда жеңімпаз атанды