19 ақпанда Раисовка ауылында "Ақшақар - 2025" оқушылардың қысқы спартакиадасы өтті.

Қыздар арасында шаңғы жарысында 1 орынды Плахотина Алина, 2 орынды Муравьева Елизавета, 3 орынды Завьялова Алина алды. Койманбаева Каролина және Толокнова Вероника кіші топта 4 және 5 орындарды алды.

Ұлдар арасында 1 орынды Қойманбаев Касен, ал Вадим Синкевич 5 орын алды. Біздің мектептің оқушылары Диль Ксения, Нағашбай Әсемгүл, Самойлов Константин және Ақпанов Нариман шорт-трек бойынша жарыстарға белсенді қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша біздің мектеп жалпы командалық 2 орынға ие болды.

Балалар еңбегі – бұл баланың денсаулығына қауіп төндіретін немесе оның білім алуына кедергі келтіретін немесе денсаулығына, физикалық, ақыл-ой, рухани, адамгершілік және әлеуметтік дамуына зиян келтіретін жұмыс.

Елімізде республикалық және өңірлік деңгейлерде кез-келген бала немесе ересек адам қоңырау шалып, өз проблемалары туралы айта алатын сенім телефондары жұмыс істейді Ұлттық телефон желісі - 150.

Мектеп психологы Д.М.Әбенова және кәсіби бағдар беруші Н.Н.Кушанова бірлесіп 9-сынып оқушыларымен "Мамандықты таңдау" тақырыбы бойынша әңгіме өткізді.