Меню KDT

Новости

Главная Новости

26.11.2025

Пески орта мектебі КММ-нің медицина қызметкері Шостик Н.Г. 8–10 сынып оқушыларымен «Жастар және ВИЧ/ЖИТС: алдын алу және жауапкершілік» тақырыбында әңгіме өткізді.

Мақсаты:

8–10 сынып оқушыларының ВИЧ/ЖИТС-тің жұғу жолдары, оның алдын алу шаралары туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау дағдысын қалыптастыру.

Әңгімеден кейін оқушылар тақырып бойынша тест тапсырмаларын орындап, алған білімдерін бекітіп, қаншалықты меңгергендерін тексерді.

25.11.2025

2025 жылдың 25 қарашасында мектеп психологы Калиткина О.С. 3-сынып оқушыларымен «Буллинг және құқық бұзушылықтар» тақырыбында әңгіме өткізді.

Әңгіме барысында оқушылар буллингтің не екенін, оның түрлері мен салдарын танып, қауіпсіз және құрметке негізделген қарым-қатынас ережелерін талқылады. Психолог құқық бұзушылықтардың қандай салдарға әкелетінін түсіндіріп, қақтығыс жағдайында үлкендерден көмек сұраудың маңызын атап өтті.

Бұл әңгіме оқушылардың қауіпсіз қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға, жанжалдың алдын алуға және өз мінез-құлқына жауапкершілікпен қарауға бағытталды.

25.11.2025

«Жеке қауіпсіздік және баланы зорлық-зомбылықтан қорғау»

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдері Увалиева Б.А. мен Амиржанова Г.Е. 4-сынып ата-аналарына арналған «Жеке қауіпсіздік және баланы зорлық-зомбылықтан қорғау» тақырыбындағы бала қауіпсіздігі бойынша тренинг өткізді.

24.11.2025

Пески орта мектебі КММ-нің медицина қызметкері Шостик Н.Г. 1–4 сынып оқушыларымен «Пайдалы тағам — күш пен сергектіктың кепілі!» тақырыбында әңгіме жүргізді.

Мақсаты:

1–4 сынып оқушыларына дұрыс тамақтанудың денсаулықты сақтау, ағзаның дамуы, күш пен сергектікті қалыптастыру үшін маңызын түсіндіру.

Әңгіме барысында балалар пайдалы және дұрыс тамақтанудың маңызы, дәрумендердің пайдасы, тамақтану тәртібі және сапалы, табиғи өнімдерді таңдаудың қажеттілігі туралы ақпарат алды.