23 мамыр күні «Пески орта мектебі» КММ-де оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шара оқу жылының жарқын қорытындысына айналып, оқушыларды, мұғалімдерді және ата-аналарды бір арнаға тоғыстырды.

Салтанатты сәтте ұстаздарға алғыс сөздер айтылып, оқу озаттары мен мектеп өміріне белсенді қатысқан оқушылар құттықталды, 9-сынып түлектеріне ақ жол тілек айтылды.

Мереке шығармашылық номерлермен, күлкіге толы сәттермен және шаттық атмосферасымен өрнектелді.

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберіңде КММ “Новоишим қазақ орта мектебінің” оқушылары шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру және туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында эссе байқауына қатысты. Бұл шара оқушыларды өз ойларын еркін жеткізуге, сыни тұрғыдан ойлауға және қоғам өміріне белсене араласуға баулыды.

Байқау аясында әр сынып деңгейіне сәйкес тақырыптар белгіленді.
1–4 сынып оқушылары «Таза Қазақстан» тақырыбында өз туған өлкесінің табиғатын қорғау, тазалықты сақтау туралы жүрекжарды ойларымен бөлісті.
5–9 сынып оқушылары «Заң және тәртіп» тақырыбы аясында қоғамдағы құқықтық сауаттылық пен тәртіптің маңыздылығын өз көзқарастары арқылы ашуға тырысты.
10–11 сынып оқушылары үшін «Адал азамат» тақырыбы ұсынылып, олар адалдық, адамгершілік және елге деген жанашырлық жайлы терең толғады.

Бұл байқау жас ұрпақтың елжандылық сезімін нығайтып, әділдік пен адалдыққа деген сенімін арттыра түсті. Оқушылардың шығармаларында олардың болашаққа деген сенімі, қоршаған ортаға деген жауапкершілігі мен патриоттық рухы анық байқалды.

19 мамыр күні «Пески орта мектебі” КММ-нің кітапханасында жыл сайын 31 мамырда аталып өтетін Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге еліміздің тарихындағы қайғылы кезеңдер туралы, түрлі жылдары саяси қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың тағдыры жайлы баяндайтын кітаптар, деректі материалдар мен мақалалар қойылды.

Экспозицияның мақсаты – тарихи жадымызды сақтау, өсіп келе жатқан ұрпаққа адам құқықтарының маңыздылығын, әділеттілік пен гуманизм құндылықтарын еске салу.

2025 жылдың 15 мамырында «№ 2 Новоишим орта мектебі» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 20 минуттық оқу жалғасуда.

Мақсаты:

-Оқушыларда оқу дағдылары мен кітаптарға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру

-Әдебиеттік сауаттылықты арттыру және сөздік қорды кеңейту.

15 мамырда Халықаралық Отбасы күнін мерекелеу, салауатты өмір салтын, дене белсенділігін қалыптастыру мақсатында "Анам, әкем, мен - спорттық отбасы" спорттық эстафетасы өтті. Іс-шара сыныптардың ата-аналар комитеттерімен бірлесіп өткізілді.

3, 4 сынып оқушыларының отбасылары белсенді қатысты.

Мектеп директоры А. К. Нұрмағанбетова барлық қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі.

Эстафета қорытындысы бойынша

1 орын Ерғалиевтер отбасы

2 орын Сапаровтар отбасы

3 орын Романович отбасы

Березин, Семке, Функ, Рыженко, Королева отбасылары белсенді қатысты.

Жеңімпаздар, жүлдегерлер мен қатысушылар грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Конкурстық эстафета бағдарламасын дене шынықтыру мұғалімдері Чупрун О.А. , Абдуллин А.А., Метенка А.Г. , Батрак А.С., Д.Г. Жұлдызбеков , С.И. Канжигалинов дайындап, өткізді.

Іс-шараны өткізу үшін БЖСМ әкімшілігі Қ.Б.Қабыкенов пен С.К. Қуанышевқа "Сұңқар" жабық корт алаңын ұсынғаны үшін алғысымызды білдіреміз.

#Біртұтас_тәрбие

#отбасылықұндылықтары #семейныеценности